02
март
2022
Қызым, саған айтам...
Мектебімізде «Қызым саған айтам...» атты кездесу өтті. Жиында ұстаздар, ардақты аналар мен жас қыздардан құралған үш буын өкілдері бас қосты. Қыз баланы қорғаудың маңыздылығы айтылып, шара барысында көрсетілген рухани бейнероликтер қыздарға ой салды. Ұйымдастырушылар қыз балаларды ел болып қорғау қажеттігін айтты.Шараны ұйымдастырған кітапхана меңгерушісі Бибигул Заманбекова мен Жанаргуль Малибекова апайларымызға алғыс айтамыз!