09
май
2018
Наурыз мерекесі
Биыл еліміздің төл мерекесі- Наурыз мейрамын үздіксіз тойлап келе жатқанымызға 30 жыл болады екен. Осы жалпыхалықтық мейрам Іле ауданы,Ащыбұлақ округінде де тойланды. Ұлық мерекеміз- Наурыз халықтардың достығы мен бауырластығын нығайту, сондай-ақ ежелгі халық дәстүрлерін жандандыру жолында өзіндік мәнге ие.Әрбір мекеме киіз үй тігіп, ұлттық дастархан жайып,салт- дәстүрлерді көрсетті.№19 орта мектебінің ұжымы ұлттық киімдегі әжелердің этноауылдағы көрінісін шығарды. Киіз басып,жүн түтіп, халық әндерін шырқады.








