Іс-шаралар » Страница 6 » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаз - ұлы тұлға!
14
октябрь
2019
Ұстаз - ұлы тұлға!
Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға демекші, мектебіміздің есігі ұстаздар күнінде ерекше қошеметпен ашылды. 4-қазан күні жұмысқа келе жатқан ұстаздарды 11-сынып оқушылары қызыл кілемнің үстінде қарсы алды. Сонымен қатар "Өзін-өзі басқару" күнін ұйымдастырылып, ұстаздардың орнына өздері сабақ өткізді. Ұстаздар күніне арнап "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік концерт ұйымдастырды және сынып сағаттары өткізілді.
1 - қыркүйек Білім күні!
04
сентябрь
2019
1 - қыркүйек Білім күні!
Мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Салтанатты жиынының тақырыбы: "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" деп аталды. Мерекеде қонақтар сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге құтты қадам тіледі. Құттықтау сәттен соң ән шырқалып, оқушылар мектеп табалдырығын аттады.
Cоңғы қоңырау
25
май
2019
Cоңғы қоңырау
Мектебімізде 25 мамаыр соңғы қоңырау мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. 11- сыныптардың қоштасу вальсі көрермендерді таң қалдырды. Салтанатты кешке қатысушылар түлектерге ақ жол тілеп, ән - биден шашу шашты. "Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер" демекші ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.
Халықаралық отбасы күніне байланысты ата аналар жиналысы
17
май
2019
Халықаралық отбасы күніне байланысты ата аналар жиналысы
Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы #19 орта мектебінде 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне байланысты ата аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста қаралған мәселелер: 1. ҰБТ-ға дайындық, оқушылардың білім сапасы; 2. Мектеп бітіру кеші; 3. Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары; 4. Балалар қауіпсіздігі. Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары күшейтіліп, ата-аналар тарапынан балалардың қауіпсіздігі қадағаланатын болды.
"Менің отбасым"
17
май
2019
"Менің отбасым"
Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы 19орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне байланысты 03-15 мамыр аралығында қоғамдық отбасылық құндылықтарды насиxаттауға арналған іс шаралар өткізілді. Атап айтсақ сыныптарда " Отбасы-бақыт мекені", "Менің отбасым", "Отбасы құндылықтары", "Моя семья моя гордость", "Ценности семьи" т.с.с ашық сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар 15 мамыр күні мектебімізде ашық есік күні жарияланып, Қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып мектеп алаңында
" Жас Ұлан"
13
май
2019
" Жас Ұлан"
Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы 19орта мектебінде ағымдағы жылдың 06.05 күні Республикалық " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Теолог маманы Абжетов Нұрлан Сырымұлымен кездесу
24
апрель
2019
Теолог маманы Абжетов Нұрлан Сырымұлымен кездесу
Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы 19орта мектебінде 24.04.2019ж күні Іле ауданының теолог маманы Абжетов Нұрлан Сырымұлымен кездесу өтті.
Халықаралық ескерткіштер күні
18
апрель
2019
Халықаралық ескерткіштер күні
Халықаралық ескерткіштер  күніАлматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ округінде 19 орта мектебінің ұйымдастыруымен 18.04.2019ж күні 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
"Қауіпсіз интернет "
13
апрель
2019
"Қауіпсіз интернет "
"Қауіпсіз интернет " Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы 19орта мектебінде "Қауіпсіз интернет " науқанына орай оқушылар арасында көрме және сурет байқауы ұйымдастырылды.
"Әкеге қарап ұл өсер"
28
март
2019
"Әкеге қарап ұл өсер"
Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы 19орта мектебінде ағымдағы жылдың наурыз айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жиенбаеваның ұйымдастыруымен "Әкеге қарап ұл өсер" атты тақырыпта ұлдар кеңесінің отырысы өтті.