Киелі шаңырақ қайта жаңғырды. » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Киелі шаңырақ қайта жаңғырды.
07
октябрь
2020

Киелі шаңырақ қайта жаңғырды.


    Алматы облысы, Іле ауданының М.Түймебаев ауылында тағы да бір жаңа мектеп бой көтеріп, 2020-2021 оқу  жылында қолданысқа берілді. Бұған дейін Ащыбұлақ ауылдық округінің  М.Түймебаев ауылындағы киелі шаңырақ - №19 орта мектептің оқушылары ыңғайластырылған ғимаратта үш  ауысымда білім алып келді. Аталмыш білім ордасының іргетасы 1956 жылы қаланып, білім ордасы ретінде өз жұмысын 1960жылдан бері жүргізіп келеді. Бүгінгі күні 60 жылдық тарихы бар мектептің жетістіктерін осы парақшаға сыйғызу мүмкін емес.  Қазіргі таңда қаншама Алтын белгі иегерлері мен әлемге танымал спортшыларды, атақты журналистер мен еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін аянбай қосып жүрген белгілі маман иелерін шығарған, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып отырған білім ордасын Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызы басқарып отыр. 2016 жылдың мамыр айында қайта күрделі жөндеуден өткен бұл ғимаратта бала саны күннен-күнге арта түсті. Соңғы үш жылда сырттан көшіп келушілер мен қоныс аударушылар салдарынан бала саны күрт өсті. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының саны 1443-ке жетті. Осыған орай 3 ауысымдылықты жою мақсатында  мемлекетіміздің қолдауымен 300 балаға арналған жаңа мектептің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айынан басталып кеткен болатын. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп, бекітілген жоспармен белгіленген мерзімде сәтті аяқталды. Мектепте заманауи жабдықтармен қамтылған ағылшын, химия, физика және информатика кабинеттерімен қатар, ұлдар мен қыздарға арналған еңбек пәні кабинеттері, спорт зал мен асхана да кеңінен, заманға сай қарастырылған. Сонымен қатар ұстаздарға арналған мәжіліс залы да бар. Бұл залда кез-келген іс-шараларды өткізу үшін ұстаздар мен оқушыларға барлық жағдай жасалған. Одан бөлек кітапхана мен оқушылардың денсаулығын тексеретін дәрігерлік пункт те бар. Сондай-ақ әлемде болып жатқан ахуал да ғимараттың салынуына еш әсерін тигізбеді. Пандемия кезеңінде карантин жарияланып, оқшаулану болып жатқанда мектеп ғимаратын сапалы түрде салып беріп, уақытылы пайдалануға табыстағаны үшін "РЕМБУС"  ЖШС-гіне және осы компанияның директоры Е.Бейсенов мырзаға мектеп ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
Жұмыс жүрді таң атып, күн батса да,
Тоқтамады күн батып, таң атса да.
Елдер үркіп, оқшауланып жатқанда
Жұмыс жүрді карантин боп жатса да... .
ЖАҢА МЕКТЕБІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Ел болашағы-білімді ұрпақта! Ендеше, жаңа білім ордасынан білімді, саналы шәкірттеріміз қанат қағып, ұшып шыға берсін... . Жаңа 2020-2021 оқу жылымыз құтты болсын, сәтті болсын!













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив