«Кезекші және штаттық режимдегі сыныптар үшін Kundelik.kz-тегі өзгерістер» тақырыбында онлайн-вебинар » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кезекші және штаттық режимдегі сыныптар үшін Kundelik.kz-тегі өзгерістер» тақырыбында онлайн-вебинар
27
январь
2021

«Кезекші және штаттық режимдегі сыныптар үшін Kundelik.kz-тегі өзгерістер» тақырыбында онлайн-вебинар

Жетекші №19 орта мектебіне бекітілген серіктес мектептер мен Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты №4, №20, №29, №36, №37, №43, №44  орта мектептері арасында мектебімізде құрылған  қоғамдық жоспарға сәйкес директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары Балғабаева Ақерке Әбдімәжитқызының ұйымдастыруымен «Кезекші және штаттық режимдегі сыныптар үшін Kundelik kz-тегі өзгерістер» тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді. Барлығыңызға мәлім, 2020-2021 оқу жылының ІІІ оқу тоқсанында 9,11 сыныптар штаттық режимге көшті. Сол себепті  Кезекші және штаттық режимдегі сыныптар үшін Kundelik kz-тегі өзгерістермен таныстыру мақсатында өткен вебинарда А.Балғабаева алғы сөз алып, қатысушыларды вебинар жоспарымен таныстырып өтті. «Журналды толтыру және бағалау түрлері» бойынша информатика пәнінің мұғалімі Ермаханова Ұлғаным Ермаханқызы, «Сыныптарды топқа бөлу, кесте жасау жолдары» тақырыбы бойынша мектептің жүйелік администраторы Алдажарова Салима Нұрланқызы, «Күнтізбелік тақырыптарды жариялау, бейне сабақтарды өткізу» бойынша информатика пәнінің мұғалімі Асқарова Жұлдыз Асылжанқызы, аталған мұғалімдер осы күнгі көкейтесті тақырыптарды аша отырып, әр сыныпты, әр пәнді  мысал ретінде алып, көпшілікке ауқымды түрде түсіндіре білді. Сұрақ-жауап алмасу бөлімінде қосымша қойылған сұрақтарға  берілген жауаптар қатысушыларды  қанағаттандырды. Қорытынды бөлімде модератор А.Балғабаева сөз алып,  ал қатысушылар алғыстарын жаудырып, кері байланыс берді.

















 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив