03
февраль
2022
Жарайсыңдар Ақиқаттықтар!
СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!
2022 жылдың 2-3 ақпан күндері "Ұшқыр ой алаңы" республикалық дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Нәтижесінде, мектебіміздің "Ақиқат" фракциясы топ жарды.Ойын Американдық парламенттік форматта ұйымдастырылды. Аудандық турнирде 18 команда бақ сынап, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. "Ақиқат" фракциясының мүшелері 10 "А" сынып оқушысы Досболат Кәусар мен 9"Б" сынып оқушысы Айгерім Нұралықызы алғашқы республикалық дебат турнирінің аудандық кезеңінде бақ сынап, жүлделі ll орынды жеңіп алды. Америкалық форматта ұйымдастырылған бұл ойында алдын ала жеребе арқылы Үкімет және Оппозиция топтары анықталды. Ойын өте тартысты өтті. Үкімет пен оппозиция спикерлері бүгінгі пікірсайыс арқылы қоғамымыздағы өзекті мәселелерді талқылап, өзіндік ой-пікір қосып, дамыту жолдарын ұсынды, қорытынды шығарды. Ең бастысы, дебат барысында Қазақстанның келешегі үшін алаңдаушылықтары басым білімді жастардың өсіп келе жатқаны анық сезілгендей. Жас дебатшылардың айтуынша, мұндай шаралар жастар бірлігін нығайта отырып, тұлғалық қасиеттер қалыптасуға ықпал етпек. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіздер
#лидердебаты #Алматыоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl