«Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында шебер-сынып өтті » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында шебер-сынып өтті
14
апрель
2025

«Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында шебер-сынып өтті

«Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында шебер-сынып өтті

Білім беру үдерісін жаңғырту және оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында 2025 жылғы 14 сәуірде №19 орта мектепте «Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырылды.
Шебер-сынып барысында мектебіміздің зерттеуші-педагог ұстаздары: Қасымбаева Г.К., Солтанқұлова З.А., Шолпанбаева З.Б. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Шебер-сыныптың негізгі мақсаты — оқу үдерісінде мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу әдістемесін ұсыну, сондай-ақ әртүрлі мәтін түрлерін (көркем, ғылыми, публицистикалық) оқу және талдау әдістерін тәжірибе жүзінде көрсету болды.
Іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушылар мәтінмен жұмыста қолдануға болатын жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында кері байланыс беріліп, бірлескен рефлексия жүргізілді.
Мұндай шаралар мұғалімдердің шығармашылық ізденісін арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив