«№19 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 11 сынып оқушылары жиналысының хаттамасы №2 » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№19 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 11 сынып оқушылары жиналысының хаттамасы №2
15
декабрь
2022

«№19 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 11 сынып оқушылары жиналысының хаттамасы №2

«№19 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
11 сынып оқушылары жиналысының хаттамасы №2
Өткізілетін орны:   М.Түймебаев ауылы  «№19 орта мектеп» МКМ
Өткізілген мерзімі:   15.12.2022
Шақырылғандар:  мектеп әкімшілігі,  мектеп  психологы, сынып жетекшілер
Қатысқандар – 41                                                 Қатыспағандар- 3 (себепті)
Тақырыбы: .«ҰБТ-2023»  жаңашылдықтары
Күн тәртібі:
  1. Психологиялық тренинг.
Мектеп психологы А.Ержигитова
  1. Қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын және негізгі орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлерге  қойылатын талаптар.                 
Баяндаушы мектеп директоры М.Бейсенбаева
  1. «ҰБТ-2023 жаңашылдықтары» 
ДОІЖО Н.Ахметханова
  1. Мектепшілік   консультация сабақтарына оқушылардың қатысуы. 
ДОІЖО А.Онгарбаева
Тыңдалды:
М.Бейсенбаева –
- Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Күн тәртібінде 3 сұрақ қаралады. 
Күн тәртібіндегі І мәселе бойынша мектеп психологы А.Ержигитоваға сөз беріледі. 
Мектебіміздің психологы А.Ержигитова 11-сынып оқушылардың ішкі сезімін бейнелеу арқылы, күйзелістен, мазасыздықтан арылуға көмектесу мақсатында «Емтихан тапсырар алдындағы және кейінгі  баланың ішкі сезімін бейнелеу» тақырыбында жіптің бойымен суреттеу арқылы арт терапия  жүргізді. 
Оқушылар жіптің бойымен өздерінің емтихан тапсырар алдындағы және кейінгі сезімдерін А4 параққа түрлі-түсті бояулармен бейнеледі. Осы тапсырманы бейнелеу барысында, оқушылар ішкі сезімдерін емтиханға дейін күйзелісте болса, емтиханнан кейін жоғарғы дәрежеде балл алып, қуанышты сәттерін бейнелеген. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өздерінің ойларымен бөлісті. Яғни,  жіптің бойымен арт терапия орындау ыңғайсыздық тудырса да, оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен бейнелеп берді. Арт терапияға барлық оқушылар қатысты. Өздерін емін-еркін сезініп, осындай арт терапияны жиі орындау жөнінде ұсыныс жасады.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша мектеп директоры М.Бейсенбаева сөз алып, осылайша, жаңа талаптар 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енгендіктен, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткердің 5-8 сыныптарда (НЗМ үшін – 6-9 сыныптарда) жылдық бағаларында «4» болуы мүмкін, 9 сыныпта барлық пәндер бойынша жылдық бағалар «5» болуы тиіс (НЗМ үшін 10 сыныпта). Енгізілген өзгерістерге байланысты Үміткердің негізгі орта білім туралы үздік аттестаты және  жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламаларына сәйкес 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық, жылдық және қорытынды бағалары «5» болуы тиіс.
ҰБТ «1 тестілеуші– 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізілетінін,түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін және уақытын   өз бетінше таңдай алатынын айтты. Сонымен қатар, тестте бір  дұрыс  жауабы   бар  немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылатынын ескертті. Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден берілетінін, техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында берілетінін, апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беру екендігін қайталап айтты.ҰБТ тест жылына 4 рет өтізіледі, ҰБТ-ға өтініш беру алгоритмін айтып шықты.
Күн тәртібіндегі ІІІ мәселе бойынша ДОІЖО Н.Ахметханова «ҰБТ-2023» жаңашылдықтарымен таныстырды.
Жаңа жоспар бойынша түлектің бес рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі болады. Ол – қаңтар, наурыз, сәуір, маусым және тамыз айы. Негізгі тестілеу, яғни мемлекеттік грантқа өтіп өтпеуін шешетін тесттің бірінші мүмкіндігі – сәуірде, екінші мүмкіндікке тіркеу мамыр айында басталып, маусым айында өткізу жоспарлануда. Себебі, мамырда мерекелік күндер көп және түлек үшін ең маңызды күннің бірі – соңғы қоңырау. Дайындықты талап ететін бұл күнді әр оқушы жоғары деңгейде өткізгісі келетіндіктен, тестілеуге концентрациясы төмен болады. ҰБТ-ның жалпы форматында өзгеріс жоқ. Былтырғы екі реттік тапсыру мүмкіндіге пандемиядан кейін тек бір жылға ғана бекітілген болса (тестілеу нәтижесін төменде берілген инфографикадан көре аласыздар), 2022-2023 оқу жылында ережеге толық өзгеріс енгізіліп, бұдан былай түлек негізгі екі реттік тапсыру шешімі қабылданды.
Биылғы оқу жылынан бастап бейіндік пәндер комбинациясының тізіміне «Информатика» пәні енгізілді. Білім беру бағдарламсының «Информатика пәнінің мұғалімін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша түсетін талапкерлер ҰБТ-ның таңдау пәні ретінде «Математика-информатика» комбинациясы бойынша тапсырады.
Сондай-ақ ҰБТ тапсырмасының құрылымына өзгеріс енгізілді:
Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасындағы нұсқа санын бестен төртке дейін азайтылды;
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест сұрағындағы жауап нұсқасының саны сегізден алтыға дейін қысқарды.
Бұған дейін оқу сауаттылығында төрт мәтін талдауға берілетін болса, ендігі кезекте үш мәтін бес сұрақтан, шекті балл 15-ті құрайды. Ал Қазақстан тарихы пәніне екі мән-мәтін сұрағы қосылып, шекті балл 20-ға жетті. 1-10 сұрақ пәндік білімді тексеруге бағытталатын болса, ал 10-20 сұрақ арасындағы контекст тұтас және тұтас емес (сурет, график, диаграмма, кесте және т.б.) мәтін түрінде беріледі.
Талапкер қай мамандыққа түсетінін анықтау үшін бейіндік пәндерді өзі таңдауы керек. Мысалы, математика+физика пәнін тапсыру кезінде талапкер 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігіне ие.
Бұған дейін 125 балл жинаған оқушы мен 80 балл жинаған талапкерге бірдей 100 пайыздық грант берілетін. Ал жасалып жатқан жаңа жүйе бойынша 80 балл алған түлек 50 пайыздық грант иеленуі мүмкін. Яғни, алған баллға қарай грант бөлінеді. Мемлекет барлық түлектерді толықтай мемлекет қаржысымен қамтамасыз ете алмайды. Бұл – көбірек білімпазды грантпен қамтамасыз етуге таптырмас мүмкіндік. Жұмыс тобы әлі де жұмыс жасап жатыр. Нәтижесінде грант саны көбейеді, белгілі бір жеңілдікпен оқитын талапкерлердің саны артады
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім алуды қажет ететін балаларға қосымша 40 минут беріледі. 50 балл табалдырық балы ретінде өзгеріссіз қалады. Жоғары оқу орындарының барлық 175 мамандығы бейіндік пәндер контекстінде 10 комбинацияға бөлінген.
Күн тәртібіндегі ІV мәселе бойынша ДОТІМ А.Онгарбаева оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуы туралы сөз қозғады.
-Алдынғы тест қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен және оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Енді алдағы уақытта пән мұғалімдерімен бірлесіп оқушылар жұмыстансын. Алдағы уақытта консультация сабақтан балдарыңыздың қалмауын қадағалаңыздар. Оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Оқушылардыңдың жақсы нәтижесі бізге де керек, барлық қажетті жағдайларды жасаймыз.
Шешімі:
1. Оқушылардың жасаған ұсынысы бойынша, арт терапияның басқада түрлерін оқушылармен жүргізу
2. ҰБТ, Алтын белгі жұмыстарын жан-жақты жүйелеу қолға алу. ҰБТ-ге қатысатын оқушылар мектеппен тығыз байланыста болып, сынаққа дайындалсын. 
 3. 11 сыныптарда оқитын оқушылар мамандықты таңдау бойынша берілген кеңестерге назар аудару.
4. Оқушылардың ҰБТ бойынша пән мұғалімдері сынып жетекшілерімен бірлесіп жұмыстанып қорытынды нәтижелерін жоғарлату. Қосымша сабақтарына келуін қадағалау.
        Жиналыстың төрағасы                                          М.Бейсенбаева
Жиналыстың хатшысы                                         А.Онгарбаева
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив