Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық мәдениеттін қалыптастыру жөніндегі іс-шара
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық мәдениеттін қалыптастыру жөніндегі іс-шара.
2021 жылдың 10 ақпан күні «Ерекше балалар «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар»: проблемалар, ізденістер, шешімдер» тақырыбында Іле ауданы «№19 орта мектеп» МКМ «КӘУСАР» психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жетекшісі мектепшілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес Ахметханова Назгуль Ахметхановнаның ұйымдастыруымен мектепшілік вебинар өткізілді.
Мектеп базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін 2018 жылдан бастап «КӘУСАР» психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып жұмысын атқарып жатыр.
Бұл қызметтің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, қоғамға әлеуметік бейімделу және кірігуін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттар аясында келесі міндеттер жүзеге асырылады: инклюзивті білім беру бойынша жүйелі жұмыс әзірлеу және енгізу; білім біру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің барлық субъектілері үшін білім сапасына қол жеткізу.
Вебинарда келесі мәселер айтылды: мектебіміздің психологы А.Ержитованың мүмкіндігі шектеулі оқушылармен 1-жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы, А.Асылхан әлеуметтік педагогтың инклюзивті оқушылармен атқарған жұмыстары жөнінде, дефектолог С.Жайылған инклюзивті білім берудін ерекшеліктері туралы, ДТЖО Д.Ғабдулин тәртіп бұзуға бейім оқушылармен атқарылатын жұмыстарын, ОТІМ Н.Ахметханова ««Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар»: проблемалар, ізденістер, шешімдер».
Вебинардың күн тәртібі айтылып өтісімен, қатысушы педагогтардан ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру ұйымдарында әлеуметтік ортанын қабылдау қөзқарасы туралы сауалнама алынып, нәтижиесі вебинар сонында талқыланды.
«Сұрақ-жауап» арқылы кері байланыс құрылып, балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетіндігі қалыптасты.