09
апрель
2025
Абай атындағы РММИ-дің дарынды оқушыларымен кездесуіміз ерекше әрі әсерлі өтті
Абай атындағы РММИ-дің дарынды оқушыларымен кездесуіміз ерекше әрі әсерлі өтті2025 жылдың көктемінде мектебіміздің оқушылары Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында білім алып жүрген дарынды жастармен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кездесу екі оқу ордасы арасындағы рухани байланыс пен шығармашылық ынтымақтастықты нығайтудың жарқын көрінісі болды.
Шара барысында жас сұңқар өрендер мен мектеп оқушылары арасында еркін форматтағы сыр-сұхбат ұйымдастырылып, білім, тәрбие, шығармашылық бағытындағы ойлар мен тәжірибелермен алмасу сәттері өтті. Оқушылар өз жетістіктері, қызығушылықтары және болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Өзара пікір алмасу арқылы жас ұрпақ бір-бірінен жаңа нәрсе үйреніп, ынталандырушы ортада ой өрісін кеңейтті.
Кездесу бізге тек жаңа достар табуға ғана емес, сонымен қатар өзімізге жаңа мақсаттар қойып, алға ұмтылуға шабыт берді. Әрбір оқушы бұл кездесуден рухани серпіліс алды, өзіне сенім артып, болашаққа нық қадам жасауға мотивация жинады.
Осындай игі бастамалардың маңызы зор. Олар оқушылардың өзін-өзі дамытуына, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және үлкен өмірге дайындауға жол ашады. Болашақта да осындай мазмұнды кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрса, жастар үшін зор қолдау болары сөзсіз.
Жазба авторы: Айша Орынғалиева