№19 орта мектеп директоры туралы мәлімет » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №19 орта мектеп директоры туралы мәлімет
01
сентябрь
2021

№19 орта мектеп директоры туралы мәлімет

          Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызы 1974 жылы 1 қазанда  Алматы облысы, Қапал ауданында дүниеге келген. 1981 жылдың 1-қыркүйегінде Қапал ауданының  Көшкентал орта мектебінің 1-сыныбына барып,  аталған мектепті 1991 жылы бітіріп шықты. 

          2002 жылы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша аяқтады.

          1992-95 жылдар аралығында  Павлодар  қаласындағы №25 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1995-2001жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданында бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. 

          2001 жылдың қыркүйек айында Жәпек батыр ауылы №4 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.

          2004 жылы қаңтар айынан бастап аталған мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі қызметіне тағайындалып, 2009 жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарды. 

          2009 жылдың 20 ақпанынан 2016 жылдың тамыз айына дейін  Іле ауданы №37 негізгі орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2013жылы «Шағын жинақты мектептердегі оқу және тәрбие үдерісіндегі педагогикалық мәселелері»  бойынша  ШЖМ саласына белсенді атсалысқаны үшін Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Алғыс хатымен», 2015 жылы «Егеменді еліміздің білімді, өнегелі, дарынды болашағын тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері үшін»   Іле ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен,  2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан  Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін» Алғыс хатпен марапатталды.

          2016 жылдың 15 тамызынан №19 орта  мектеп директоры қызметінде. 2017жылы  «Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары арасында өткен  «Үздік ауыл мектебі-2017» байқауына қатысқаны үшін» Алматы облысы білім басқармасының «Алғыс хатымен», 2017жылы Республикалық Төлеген Айбергенов оқуларынан «Алғыс хатпен»,  2017жылы  Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018жылы «Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қосқан елеулі үлесі үшін» Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының «Алғыс хатымен», «Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін, кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін» 2018жылы «BILGЕ» Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының Құрмет грамотасымен,  «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты Республикалық байқауға қатысушы жас жеткіншектердің шығармашылық жолда дамуына   қосқан үлесі үшін» 2019 жылы «PLATON» Халықаралық білім дамыту орталығының «Алғыс хатымен»,  2019 жылы  «PLATON» Халықаралық білім дамыту орталығы тарапынан ұйымдастырылған  қосымша білім беру бағытындағы іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін «Үздік директор» төсбелгісімен марапатталды. 





























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив