12
октябрь
2025
Педагогтердің аттестаттаудан өту тәртібімен таныстыру және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді
№19 орта мектеп МКМ-де оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Г. Султанаева қыркүйек айының МІБ жоспарына сәйкес педагог портфолиосын бағалау критерийлері бойынша талдау және қарау жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында педагогтарды аттестаттаудан өту кезінде әдістемелік сүйемелдеу, аттестаттау рәсімдерінің кезеңдері мен өту ережелері бойынша нұсқаулықпен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ұстаздарға «Ұстаз платформасымен» жұмыс істеу алгоритмі түсіндірілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығына қосымша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» негізінде ақпарат берілді.
Бұл жұмыс педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, аттестаттауға сапалы дайындық жүргізу және нормативтік-құқықтық құжаттармен толық таныстыру мақсатында өткізілді.