07
февраль
2025
Ана мен бала тақырыбында аудандық форумы
Ана мен бала тақырыбында аудандық форум өтті.
Алматинская областьның білім басқармасына қарасты Іле аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 19 орта мектеп базасында «Ана мен бала» атты аудандық форум өтті. Форумның мақсаты – аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, әлеуметтік мәселелерді талқылау және ана мен бала құқықтарын қорғау. Іс-шараға Іле аудандық білім бөлімінің әдіскері Зарина Бақытжанқызы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, “Қазақ тілі”, “Жаһандық құзыреттер” (“Арман-ПВ” баспасы) оқу-әдістемелік құралдарының авторы Қасымбек Айсұлу Асылханқызы, педагогика ғылымдары магистрі, республикалық мектептерде жүзеге асырылып жатқан “Рухани уыз” жобасының, 5-7 сыныптарға арналған “Жаһандық құзыреттер” (“Арман-ПВ” баспасы) оқу-әдістемелік құралдарының авторы Қажиева Гүлнар Тоқайқызы, Іле аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Іле ауданының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері Жабиева Мейрамкүль Түйебайқызы, қоғам белсендісі, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің, Тіл комитетінің сарапшысы Балтабаева Бағила Сері-Шубайқызы, Іле ауданының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және аналар қауымы қатысты. Форум барысында әртүрлі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалып, пікір алмасу сессиялары өткізілді. Атап айтқанда, балалардың психологиялық дамуы, отбасылық тәрбие, денсаулық сақтау мәселелері мен білім беру жүйесіндегі жаңалықтар талқыланды. Сонымен қатар, аналар үшін арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған дәрістер өткізілді.
Форумның қорытындысы бойынша, қатысушылар алдағы уақытта аналар мен балаларға арналған арнайы жобаларды іске асыру туралы ұсыныстар қабылдады.
Форумның нәтижесінде ана мен бала мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қажетті ресурстарды мобилизациялау және бірлесіп жұмыс жасау үшін жаңа бастамалар қолға алынатын болады.