«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №19"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
24
сентябрь
2022

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өтті. Атаулы шараға округ әкімі Оңалбаев Жасұлан Шерәліұлы қатысып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Ардақты ағайын! Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, бізде өздеріңізді сондай деп білеміз. Бүгінде ата-әжелеріміз әр шаңырақта немере-шөберелеріне өзінің ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп отыр.

Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болып, ұрпағының қуанышына бөлене бергей! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, әулеттеріңізге амандық, ырыс-несібе тілеймін,– деп округ әкімі жылы лебізін білдірді.
Мұнан кейін әр салада табанды еңбек етіп, ауданның дамуына елеулі үлес қосып, қазіргі күні зейнет демалысына шыққан ардагерлер округ әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
.Әрі қарай мектебіміздің күміс көмей әншілері мен мың бұралған бишілердің өнері тамашаланды
https://youtu.be/Us4IAvmeZBU
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив