Қамқоршылар күні
№19 орта мектеп мәлімет «Қамқоршылар күні»
Жыл сайын 29 қазан Қазақстан Республикасында Қамқоршылар күні аталып өтіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау мақсатында Іле ауданы Жәпек батыр ауылынданы №36 орта мектепте «Мейірімді жүрек» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Ашыбұлақ округы бойынша №19орта мектеп,№43,№20,№44,№4,№37мектептер қатысты. Іс-шара мазмұны бойынша мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп,қамқоршыларды марапаттады. Қамқоршыларға арнап түрлі ән шашу,би болды. Сондай-ақ мектеп психологы өз тарапынан қамқоршыларға «Ертегі» терапиясын өткізді. Қамқорлықтағы балаларға дене шынықтыру пән мұғалімдері сайыс өткізді. Сайысқа қатысқандарды түрлі сыйлықпен марапаттады. Қомқоршылықтағы балаларға балмұздақ таратылды. Бүл күн қасқоршыларға балаларды тәрбиелеп отырған тірбиешілерге қолдау көрсету мақсатында белгіленді. Мақсаты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды тәрбиелеудә қолға алған отбасыларға қолдау көрсету. Оған қамқоршылардың өзі сондай-ақ балалардың құқығын қорғау жөніндегі мамандар қатысты. Үйымдастырушылардың айтуынша,аталмыш іс-шараны өткізу әлеуметтік жетімдікті алдын алуды өз үлесін қоспақ және балаларға отбасы жылулығымен қамқорлығын сезінуге көмектеспек.
Қамқоршыларды мерекелерімен құттықтап алғыс хат пен сыйлықтарын тапсырып ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баларға және жетім балаларға немқұрайлы қарамағанына шексіз алғыстарын білдіріп,зор денсаулық,қажымас қайрат тіледі. Мектеп іс-шарасына қатыса алмаған қамқоршыларды үйлеріне барып құттықтадық.
Әлеуметтік педагогтар Асылхан.А,Балқыбек.Г

