01
сентябрь
2021
Алғашқы қоңырау






Білім-адамзатты даму жолына бағыттайтын ұлы күш. Пандемия салдарынан онлайн оқуға мәжбүр болып, мектебін сағынған оқушылар, биыл "Алтын ұясына" оралып, үлкен қуанышқа бөленді. 1 қырқүйек "Білім күнгі"салтанатты шарамыз білім жолына алғаш қадам басқан кішкентай бүлдіршіндерімізге және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына сый болып, араға біраз жылдар салып қайта оралған сүйікті досымыз – Әліппені қарсы алуға арналды. «Кел, балалар, оқылық..» тақырыбымен мектеп алаңында 1- сынып оқушыларына алғашқы қоңырау мерекесі өткізілсе, 2-11 сыныптарда сынып сағаттары болып өтті. Мектеп директоры Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызы құттықтау лебізін білдіріп, алғаш қадам басқан бүлдіршіндер мен ұстаздарына сәттілік тіледі.Іс-шара санитарлық талаптарға сай өткізілді.