Ана деп көркем жыр төккен, армысың, ару, нұр-көктем!
Құрметті асыл жандар! Сіздерді жарық дүниенің бастауы болған, жер-жаһанға нәр беріп, нұрландырып, шуаққа бөлейтін 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Ана... Осы бір үш әріпте күллі әлемнің жылуы, адамзаттың махаббаты жатыр. Еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін өмір бойы бас иіп, қастерлейтін, қадірлейтін ұлы құдірет те осында. Аналар мерекесіне орай мектебімізде "Ана деп көркем жыр төккен, армысың, ару, нұр—көктем" атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік шарада