31
January
2019
Интернетсіз күн
Almaty region Ili districtМ.Түймебаев ауылы 19орта мектебінде "27-қаңтар- Халықаралық интернетсіз күн" акциясы аясында 1-4-сыныптар арасында сурет пәнінің мұғалімдері Н.Құрманғали мен Ж.Рахимберлинова "Интернетсіз бір күн"тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. 8-сыныптар арасында 《Мен OFFLINE》 атты тақырыпта эссе байқауы ұйымдастырылды. Осы байқауда 8《А》 сынып оқушысы Қырғызбай Аружанның эссесі ерекшеленді.
《Интернетсіз бір күн. Мен бұл күні ерте тұрдым. Айнала аппақ қар, таза ауа.. Бәрі-бәрі керемет көрінді.
Мен үшін бұл күн ұмытылмас күндердің бірі болды. Себебі, мен бұл күнімді отбасыммен өткіздім.
Интернетсіз де күнім керемет өтті. Бірақ, оны көбісі түсіне бермейді. Интернетке әбден тәуелді болған балалар неше түрлі сайттардан көріп алып, сұмдық іс-әрекеттерді жасап жатыр. Әттең, сол балалар өз болашақтарына қауіп төндіріп жүргендерін түсінсе ғой.
Бір күн, тым болмаса, бір күн интернетсіз өмір сүріп көрсе өмірдің қаншалықты тамаша екенін ұғар еді. Менің басты айтарым, бастарыңды көтеріңдер, айналаға қараңдар, өмірдің бар кереметтілігін сезініңдер! Уақыттарыңды пайдалы іспен
өткізіңдер!》деп аяқталады.