Our achievements » №19 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"Secondary school №19"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
Республика айбыным
20
October
2022
Республика айбыным
25 Қазан "Республика күні"  мерекесі қарсаңында "Республикам айбыным"  атты мұғалімдер арасында өткен аудандық үстел теннисі жарысынан 19 ОМ командасы жүлделі II орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Best командир — 2022"
17
October
2022
"Best командир — 2022"
Аудандық "Best командир — 2022" әскери-патриоттық байқауында 11 сынып оқушысы Елемесов Жасұлан I орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Сәттілік серігің болсын!  Құттықтаймыз!!!
"Күш - бірлікте"
13
October
2022
"Күш - бірлікте"
"Күш - бірлікте" тақырыбында өткен мұғалімдер мен қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиадасының "Әскери- қолданбалы спорттан"командалық I орын иеленіп, республикаға жолдама алған әріптесіміз Колбаев Мейрам Кенжетайұлын осы жарыста "Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау" номинациясы бойынша да  I орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!  Мектебіміздің абыройы асқақтай берсін
"Айбергенов әлемі" атты әдеби-өнер бәйгесі
10
March
2022
"Айбергенов әлемі" атты әдеби-өнер бәйгесі
2022 жылдың 10 наурыз күні  Төлеген Айбергеновтың шығармаларын насихаттау мақсатында аудандық " Айбергенов әлемі" атты әдеби-өнер бәйгесі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, ауыспалы бас жүлдені мектебіміздің оқушылары иеленді.  Дакен Эльдар -11 а , арнау бағыты бойынша I орын Досболат Кәусар -10 а , эссе жазу бойынша III орын  Айтжанова Анеля 11 а , бейнелеу өнері бағыты бойынша I орын  Құрманбай Томирис  9 ә ,мәнерлеп оқу бағыты бойынша III орын   Қонысбай Әли- 6 ә ,ән өнері бағыты бойынша III
Құттықтаймыз!
03
March
2022
Құттықтаймыз!
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ АЙБЫН ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН ордендерінің иегері Абдықанов Дастан Маратжанұлын еске алуға арналған қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақтан қалалық турнирде  №19 Орта мектеп оқушылары  3 алтын 1 қола жеңіп алды ✔️ Біз сендерді мақтан тұтамыз!
Жарайсыңдар Ақиқаттықтар!
03
февраль
2022
Жарайсыңдар Ақиқаттықтар!
СҮЙІНШІ!  СҮЙІНШІ!  2022 жылдың 2-3 ақпан күндері "Ұшқыр ой алаңы" республикалық дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Нәтижесінде, мектебіміздің "Ақиқат" фракциясы топ жарды.Ойын Американдық парламенттік форматта ұйымдастырылды. Аудандық  турнирде 18 команда бақ сынап, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. "Ақиқат" фракциясының мүшелері 10 "А" сынып оқушысы Досболат Кәусар мен 9"Б" сынып оқушысы Айгерім Нұралықызы  алғашқы республикалық дебат турнирінің аудандық кезеңінде бақ сынап, жүлделі
"Ең үздік дене тәрбиесі пән мұғалімі - 2020"
18
февраль
2020
"Ең үздік дене тәрбиесі пән мұғалімі - 2020"
Secondary school №19нің дене тәрбиесі пән мұғалімі Ыхсан Жанболат 18.02.2020ж күні болған аудандық "Ең үздік дене тәрбиесі пән мұғалімі - 2020" байқауынан жүлделі ІІІорынды иеленіп, білім бөлімі басшысының III дәрежелі дипломымен марапатталды. Жанболат әріптесіміз аудандық волейбол командасының құрамасында, бірнеше жыл қатарынан волейболдан болған облыстық жарыстардың жеңімпазы, сондай-ақ облыс, аудан көлемінде дойбыдан ең үздік ойыншы танылғаны бәрімізге мәлім. Бүгінгі жеңісімен Жанболат
"Менің сүйікті мультфильмім"
17
февраль
2020
"Менің сүйікті мультфильмім"
Secondary school №19міздің 3 "А"сынып оқушысы, бірнеше республикалық көркемсөз байкауларының БАС ЖҮЛДЕ иегері, Өрлеу орталығы ұйымдастырған байқаудың лауреаты, ҒҰМЫРДАРИЯ продюсерлік орталығының ұйымдастырған "ЖАС ТОЛҚЫН" ән-жыр байқауының БАС ЖҮЛДЕ иегері, Халыкаралық Абай оқуларының БАС ЖУЛДЕ иегері, бірнеше республикалық олимпиадалардың жүлдегері Бөрібай Абылай бүгін міне "Балапан" арнасының 10 жылдығына орай өткізілген "Менің сүйікті мультфильмім " бауқауының жеңімпазы атанып қуантып жатыр!
«Жаңашыл бастауыш мұғалімі - 2020»
15
февраль
2020
«Жаңашыл бастауыш мұғалімі - 2020»
Бастауыш буында жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан-жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдерді анықтау мақсатында өткен аудандық «Жаңашыл бастауыш мұғалімі - 2020» байқауында Ili districtМ. Түймебаев ауылы N19 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Алия Жанабаевна жүлделі III орынмен марапатталды.