19
September
2025
Ұлы Абайға 180 жыл толуына орай "Абай Әлемі" байқауы
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өтті
Мектебімізде қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты ақынның рухани-адамгершілік құндылықтарына баулу, туған елге, тілге және әдебиетке деген құрмет сезімін арттыру болды.