14
October
2019
Ұстаз - ұлы тұлға!
Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға демекші, мектебіміздің есігі ұстаздар күнінде ерекше қошеметпен ашылды. 4-қазан күні жұмысқа келе жатқан ұстаздарды 11-сынып оқушылары қызыл кілемнің үстінде қарсы алды. Сонымен қатар "Өзін-өзі басқару" күнін ұйымдастырылып, ұстаздардың орнына өздері сабақ өткізді. Ұстаздар күніне арнап "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік концерт ұйымдастырды және сынып сағаттары өткізілді.











