Сыңғырла, соңғы қоңырау! » №19 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"Secondary school №19"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау!
25
May
2022

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Соңғы қоңырау мерекесі ерекше қуанышпен қарсы алатын қадірлі мереке! Әсіресе,  үш толқын ұрпақтың ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқыMay тұра алMayды. Барша жанның қуаныш энергиясы мектеп ауласын керемет  толқынға толтырып,  кернеп кететіні  көрініп-ақ тұрады. Бүгін, 25 мамыр күні "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны Secondary school №19нде өткізілді. Жиынға мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сметов Шалқар Оңғарбайұлы,"Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ бас маманы Ұлжан Еркінқызы және ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп директоры Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызы түлектерді құттықтап, белсенді оқушыларды марапаттады. Түлектердің алғашқы ұстаздары Солтанкулова Зулхия Асанхановна және Аримжанова Алма апайымыз ақ  тілектерін арнады.Мектептің атын оқушының саны емес,дарынды оқушының даңқы шығарады деген бар. Тоғызқұмалақ ойындарының рапид түрі бойынша жасөспірімдер чемпионы Дакен Ельдар Мұратұлына мектебіміздің атынан "Абай жолы" кітабы сыйға берілді. "Жас түлек-2022 - Қазақстанның ертеңі" атты бұл салтанатты жиын қимастық сезімге толы болды.Түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды.2021-2022 оқу жылында мектебімізде 1584 оқушыдан 364 оқушы үздік, 554 оқушы екпінді атанды.Алтын белгіге 10 оқушы, 5 үздік аттестат  және  9  сыныптардан 19 оқушы үздік аттестат үміткерлері атанды.  Ұядан ұшқан түлектеріміздің  қадамдарына сәттілік тілей отырып, алдағы сынақтардан сүрінбей өтуіне тілектеспіз!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив