Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің 2015жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Отбасы және балалар» саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын жүзеге асыру мақсатында Secondary school №19нде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларында тәрбиеленетін 183 (жүз сексен үш) оқушы мектеп буфетінде Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтанады. Ал мектеп буфетінен 1244 оқушы ата-ана көмегімен тамақтануда. Оқушылар арнайы бекітілген кесте бойынша сынып жетекшісінің қадағалауымен ыстық тамақтарын күнделікті, кестеге сай мерзімде ішіп отырады.
Ақылы түрде буфеттік тамақпен оқушылардың 100,0%-ы, ақысыз 14,7%-ы қамтылды. Көрсетілген 183 оқушының ішінде 5 жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5оқушы, 58 аз қамтылған отбасының балалары, 115 бала көпбалалы отбасы балалары тамақтанады. Оның ішінде бастауыш сынып оқушыларынан 91 бала болса, 92 бала жоғарғы сынып оқушылары. Буфет қызметкерлеріне ешқандай ескертулер мен шағымдар болған жоқ.