№19 орта мектеп директоры туралы мәлімет
Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызы 1974 жылы 1 қазанда Almaty region, Қапал ауданында дүниеге келген. 1981 жылдың 1-қыркүйегінде Қапал ауданының Көшкентал орта мектебінің 1-сыныбына барып, аталған мектепті 1991 жылы бітіріп шықты.
2002 жылы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша аяқтады.
1992-95 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы №25 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1995-2001жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданында бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.
2001 жылдың қыркүйек айында Жәпек батыр ауылы №4 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2004 жылы қаңтар айынан бастап аталған мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі қызметіне тағайындалып, 2009 жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарды.
2009 жылдың 20 ақпанынан 2016 жылдың тамыз айына дейін Ili district№37 негізгі орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2013жылы «Шағын жинақты мектептердегі оқу және тәрбие үдерісіндегі педагогикалық мәселелері» бойынша ШЖМ саласына белсенді атсалысқаны үшін Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Алғыс хатымен», 2015 жылы «Егеменді еліміздің білімді, өнегелі, дарынды болашағын тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері үшін» Ili districtәкімінің Құрмет грамотасымен, 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін» Алғыс хатпен марапатталды.
2016 жылдың 15 тамызынан №19 орта мектеп директоры қызметінде. 2017жылы «Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары арасында өткен «Best ауыл мектебі-2017» байқауына қатысқаны үшін» Almaty region білім басқармасының «Алғыс хатымен», 2017жылы Республикалық Төлеген Айбергенов оқуларынан «Алғыс хатпен», 2017жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Ministry of Education and Scienceнің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018жылы «Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қосқан елеулі үлесі үшін» Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының «Алғыс хатымен», «Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін, кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін» 2018жылы «BILGЕ» Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының Құрмет грамотасымен, «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты Республикалық байқауға қатысушы жас жеткіншектердің шығармашылық жолда дамуына қосқан үлесі үшін» 2019 жылы «PLATON» Халықаралық білім дамыту орталығының «Алғыс хатымен», 2019 жылы «PLATON» Халықаралық білім дамыту орталығы тарапынан ұйымдастырылған қосымша білім беру бағытындағы іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін «Best директор» төсбелгісімен марапатталды.