№2 педагогикалық кеңес » №19 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №2 педагогикалық кеңес
02
ноябрь
2023

№2 педагогикалық кеңес

Іле ауданы  М. Түймебай ауылы  «№19 орта мектеп» МКМ
№2 педагогикалық кеңестен үзінді
Тақырыбы: «Құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру»
Күні: 02.11.2023ж
Қатысқаны-130
Күн тәртібінде:
1.    Ұлттық құндылықтар арқылы тәлім-тәрбие беру                                                                (Жауапты: мектеп директоры-М.Бейсенбаева)
2.    I оқу тоқсаны бойынша білім сапасының  қорытындысы                                                                 (Жауапты: ОТІМ-Н.Ахметханова)
3.    Білім  және  ғылым  министрлігінің  2008  жылы  18 наурыздағы  №125  бұйрығымен  бекітілген  «Жалпы орта  білім беретін  білім  мекемелерінде  оқушылардың  ағымдық  бақылау,аралық  және  мемлекеттік қорытынды  аттестацияны  өткізу» ережесіне сәйкес  11  сынып  оқушыларын  «Алтын белгі» төсбелгісіне ұсыну  туралы және 9 сынып оқушыларын Негізгі орта мектепті бітіру туралы «Үздік аттестатқа» ұсыну туралы.                                                                   (Жауапты: ОТІМ-Н.Ахметханова)
4.    Оқушылардың жалпы әдеби, мәдени, сөйлеу құзыреттілігің дамытуға арналған мектепішілік жобалар туралы                                            (Жауапты: мектеп директоры-М.Бейсенбаева)


Тыңдалды:
        Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М. Бейсенбаева сөз алып, анықтамасымен таныстырды
         «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы  сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»                                                                                                 М. Жұмабаев
Бүгінгі кезекті педкеңестің мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал  бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты   міндет – еңселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік  құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Соған байланысты мәжіліс залына кірген кезде алған қағаздарыңызды ашып, көрсетілген орынға жайғассаңыздар. Тәлім-тәрбиелік  құндылықтар: Адалдық, мейірімділік, әдептілік, ауызбіршілік, мәдениеттілік, қамқорлық, сыйластық, шығармашылдық  бағыттары бойынша топқа бөліндіңіздер. Осы аталған құндылықтар  бойынша тапсырма беріледі. Екінші мәселені талқылып болған соң өз ойларыңызды ортаға саласыздар.
Тыңдалды:
Екінші мәселе бойынша ОТІМ –Н.Ахметханова сөз алып, өз анықтамасымен таныстырды.
2023-2024  оқу жылының    І оқу тоқсанды 1984/995 оқушымен, барлығы 81 сынып комплектпен бастадық, мектепалдыдаярлық 5 сыныбын қосқанда мектеп бойынша 86 сынып комплектісі.
1-11 сыныптарға І оқу тоқсанында 25 оқушы келді, оның ішінде 13  қыз бала, 34  оқушы кетті, оның 21-і қыз бала, тоқсан соңында 1-11  сыныптар  бойынша оқушы саны -1975, оның ішінде қызы -987 болды. МАД тобындағы оқушы саны -80/36. Барлығы мектеп бойынша 2055/ 1023 қыз.
Инклюзивті оқыту бойынша 18 оқушымен бастадық 2 келді, қазіргі танда 20 оқушы.
Үйден оқытуда 7 оқушы.
    І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша ұзақ уақыт бойына ауырып жатқан оқушы жоқ;     Сабақтар бойынша жекелеген пәндерден  үлгермеуші оқушы  жоқ;    Тоқсан соңында 1ғана пәннен 3, 1 ғана пәннен 4 болған оқушы жоқ;    Мектепте саяжайдан қатынайтын, жалпы тасымалданатын оқушы (подвоз) жоқ.Білім сапасы ең төменгі сыныптар:
2-4 сыныптар бойынша:  2ж,2з,4г
5-8 сыныптар бойынша: 5б, 5в, 5е, 5ж, 6ә,  6б, 6е, 6г, 7б, 7в, 7е, 8а, 8ә, 8б, 8в, 8г, 8е,8д,8ж
9-11 сыныптар бойынша: 9ә, 9б,9в,9ғ,9д,9е, 10б, 11б
Осы аталған сыныптардың білім сапа көрсеткіші не себепті  төмен?  Осы мәселенің шешімін шешу мақсатында  сапа көрсеткіші ең төмен сыныптарды алдыларыңызға үлестірілді. Сол бойынша берілген құндылықтарды негізге ала отырып, шешімін бірге тауып, оқушылардың шырағын жағуға үлесімізді қоссақ. 
Сөз алды: 
Мектеп директоры-М.Бейсенбаева
Құндылықпен байланыстыра отырып, сыныптың білімін арттыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізуге болады?  Ұтымды әдіс-тәсілдеріңізді ұсынып, бірлесіп жұмыс атқарсаңыздар. Дайындалуға 10 минут уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде топпен ақылдаса отырып, өз тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер.
Қамқорлық тобы   6 «ә»
1.    Жеке оқушыға көбірек тапсырма беру2.    Әдіс-тәсілдерді түрлендіру3.    Зерттеу сабағын ұйымдастырып, әріптесімізге көмек қолын созу.4.    Ата-аналар жиналысын өткізу5.    Баланың жан дүниесіне үңіліп, қамқорлық жасау           Адамгершілік тобы 7 «в»
1.    Ауызбіршілік керек үштік одақ бойынша2.    Оқушыны тыңдап, бақылау және қолдау3.    Ата-анаға қолдау көрсету4.    Оқушылармен жеке сұхбат өткізіп, бағыт-бағдар беру         Мейірімділік тобы  5 «д»
1.    Мұғалім мейірімді болу. Оқушыға жылулық, сүйіспеншілік сыйлау.2.     Мұғалімдерден ситуациялық сауалнама алу3.    Оқушылардың ойымен санасу4.    Сыныпта мейірімділік жайласа, ынтымақтастық пен сыйластық артады.Әдептілік тобы  2 «з»
1.    Үштік одақ бойынша жұмыс атқару2.     Қолжетімді тапсырма ұсыну.3.     Сыныпты зерделеу.  Деңгейлік тапсырмалар қолдану.4.    Оқушыны ізеттілікке бағыттап, үйрету5.    Сынып жетекшісі анасы ретінде жылулық сыйлау                Сыйластық тобы  4 «г»
1.    Оқушының жеке ерекшелігіне қарай тапсырма құру.2.    Үздік оқушылармен араластырып отырғызу.3.    Потенциалы бар оқушыға қолдау көрсету.4.    Оқушыларға бақылау парағын арнау5.    Оқушымен қарым-қатынасты түзеп, бойындағы қасиеттерді ашу. 6.    Ата-аналар жиналысын түрлендіріп, маңызды мәселені көрсетіп, талқылау.          Шығармашылық тобы  5 «ж»
1.    Сабақтан көп қалатын оқушылардың себебін анықтау. Анықтамасын тексеру2.    Оқушылардың адаптациялық кезеңінде қолдау көрсету. 3.    Тақырыпқа сай бұйымдар жасатып, оқушының қызығушылығын арттыру. 4.     Сынып жетекшісі әр пән мұғаліміне сынып бойынша мінездеме беру.5.    Түрлі-түсті қолдану (карта, кескін т.б).          Мәдениеттілік тобы 8 «В»
1.    Бір методиканы ұстану.2.    Салыстыру тапсырмаларын енгізу.3.    Айтылым дағдыларын жетілдіру.4.    Ерік-жігер, табандылық қалыптастыру.5.    Оқушыларға ортада өзін қалай ұстау керектігін үйрету.      Адалдық тобы 8 «Б»
1.    Үздік оқушыларға қанағаттанарлық және екпінді оқушыларды бөліп беру. 2.     Ата-аналар жиналысын әңгімелесі түрінде үйрету.3.    Өткен тақырыпты өмірмен байланыстыру.4.    Пәнге деген қызығушылықты арттыру.5.    Сыныпппен жиналыс ұйымдастыру.6.    Пәнге қатысты әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.Сөз алды: 
Мектеп директоры-М. Бейсенбаева 
Әріптестер, топтардың айтқан ұсынысынан қорытынды шығаратын болсақ бұл жерде үштік одақпен жұмыс жасау өте тиімді екенін байқауға болады. Сонымен қатар, баланың бойынан мін іздемей өз бойымыздан қандай кемшіліктер кетіп жатыр соған үңілсеңіздер. Бала біздің аманатымыз. Қазіргі таңда өктемдік жасайтын заман емес, керісінше баланың қызығушылығына сай бағыт-бағдар беру. Баланың әлеуетіне қолдау көрсету біздің басты міндетіміз болып табылады. Әр сыныптың білім сапасы әр түрлі жағдаятқа байланысты төмен екенін әріптестеріміздің талқылауынан байқауымызға болады. Сондықтан әр сыныпты зерделеп, оқушыға жеке көңіл бөлсеңіздер. Баланың бойына аталған құндылықты сіңіре алсаңыздар білімнің де сапасын арттыра алатынымыз анық.
Ұсыныстар: 
1.    Үштік одақ жұмысын жандандыру2.    Оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіру3.    Ата-аналарға пед қолдау көрсету4.    Оқушылармен жеке сұхбат өткізіп, бағыт-бағдар беру.5.    «Оқуға құштар» жобасы аясында және әр сабақ арқылы оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында «Бір айда бір құндылық» айлығы жоспарланып, ұйымдастырылсын:1.    Қыркүйек айы-Ынтымақтастық2.    Қазан айы- Құрмет3.    Қараша айы- Мәдениеттілік 4.    Желтоқсан айы- Отансүйгіштік5.    Қаңтар айы- Мейірімділік 6.    Ақпан айы- Адалдық7.    Наурыз айы- Жауапкершілік8.    Сәуір айы- Еңбекқорлық9.    Мамыр айы- Қамқорлық Шешімі:
1.Ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап, маңызды да, құнды тұнығына қанып  оқушылардың бойында  еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген  сүйіспеншілігі артатын, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат боп қалыптастыруда «Оқуға құштар» жобасы аясында және әр сабақ арқылы оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында «Бір айда бір құндылық» айлығы жоспарланып, ұйымдастырылсын.
Жиналыстың төрағасы                                     М.Бейсенбаева
Хатшы                                                                 Ж.Жақсыбек
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив